Видео • 26 Тамыз, 2021

Парламентте депутаттар бір-біріне бөтелке лақтырды

1004 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

25 тамыз, сәрсенбі күні Армения парламентінің сессиясында депутаттар арасында қақтығыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Парламентте депутаттар бір-біріне бөтелке лақтырды

Жанжал мінберде сөйлеп тұрған билік басындағы «Азаматтық келісім» фракциясының депутаты Хайк Саркисянға бөтелке лақтырғанан кейін басталған. 

Мінберде сөйлеген Саркисян Арменияның қорғаныс министрлері азаматтарды ақша үшін әскери қызметтен босатқанын айтып айыптаған. Сөз соңында мұндай әрекетті отанына опасыздық жасау деп бағалайтынын айтып қалды. 

Осы сөздерден кейін залда отырған «Армения» оппозициялық фракциясының жетекшісі, Арменияның экс-қорғаныс министрі Сейран Оханян Саркисянға бөтелке лақтырды. 

Содан кейін бірнеше депутат орнынан тұрып, бөтелке мен басқа заттарды бір-біріне бағыттай бастады. 

Парламент спикері Ален Симонян жағдайды реттей алмаған соң, парламентшілерді күзетшілер келіп ажыратқан. 

Осыдан кейін Симонян түске дейін үзіліс жариялады, ал конференц-залдан тікелей эфир үзілді. 

Айта кетейік, дәл осындай оқиға Арменияда өткен жылдың қаңтарында да болған.