Аймақтар • 26 Тамыз, 2021

Павлодарда мұнай ұрлағандар ұсталды

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодарда мұнай өнімдерін тасымалдаумен айналысқан екі тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда мұнай ұрлағандар ұсталды

Polisia.kz мәліметі бойынша, «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жанар-жағармай материалдарын жымқырды деген күдікпен топтағы адамдардың қылмыстық әрекетінің жолын кесті.

«Жоғарыда аталған адамдар Павлодар қаласының автожанармай құю станцияларына мұнай өнімдерін тасымалдаумен айналысатын Павлодар қаласының бір ұйымының қызметкерлері болып шықты. Күдіктілер алдын ала дайындалған сызба бойынша, соның ішінде тасымалданатын отынды жеткізу және құюмен айналысқан», деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.

Полиция жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қылмыс жасады деген күдікпен 50 және 47 жастағы екі павлодарлықты ұстады. Алдын ала келтірілген шығын шамамен 17 миллион теңгені құрады. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 189-бабы 4-тармағының 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше