Қоғам • 26 Тамыз, 2021

ҚМДБ мешіт имамдарының біліктілігін арттыру сөз болды

134 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Ұлттық музейінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Діни фундаментализмнің діни-саяси өзекті мәселелері» тақырыбында семинар өтті, деп жазады Egemen.kz.

ҚМДБ мешіт имамдарының біліктілігін арттыру сөз болды

Семинарға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Дін істері басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов, ҚМДБ Төрағасының орынбасары, Наиб мүфти Ершат Оңғаров және ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласындағы имамдары қатысты.

«Іс-шара барысында Е.Нүкежанов Дін істері комитеті қызметінің үш негізгі бағыты, соның ішінде халық арасындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, интернет-кеңістікте діни экстремизм көріністерінің алдын алу, деструктивті діни ағым ұстанушыларын оңалту және оларды әлеуметтік ортаға қайта бейімдеу шаралары туралы айтып берді», деп жазады Ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар ҚМДБ мешіт имамдарының білімі мен біліктілігін арттыру, тыйым салынған ағымда жүрген азаматтарды оңалту және оларды қайта бейімдеу, сондай-ақ интернет кеңістікте жұмыс жасайтын діни қызметкерлердің заманауи коммуникациялық дағдысын дамыту жөнінде бірқатар ұсыныс айтты.

Іс-шара соңында қатысушылар дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөнінде ары қарай ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді.