Әлем • 25 Тамыз, 2021

Стамбулда ИЫҰ-ның жастар форумы өтуде

307 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түрік Стамбулында Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жастар форумының екі күндік IV Бас Ассамблеясы жұмысын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz «Анадолу» агенттігіне сілтеме жасап.

Стамбулда ИЫҰ-ның жастар форумы өтуде

Іс-шара барысында ИЫҰ Жастар форумының басшысы Таха Айхан ұйым мүшелеріне форумның қызметі мен стратегиясы туралы баяндама оқыды.

Бас Ассамблеяға ИЫҰ-ға мүше болып келетін 56 елдің өкілдері қатысуда.

Талқыланатын тақырыптар арасында Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының жастар стратегиясы, жастарды дамыту, елдердің экономикалық әлеуетін нығайту, сондай-ақ мәдениет, өнер, спорт, қоршаған орта мәселелері бар.

Бас Ассамблея өз жұмысын бейсенбі, 26 тамызда аяқтайды.