Ауа райы • 25 Тамыз, 2021

Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы

490 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда 40 градусқа дейін аптап және найзағай болады деп күтіледі. «Қазгидромет» РМК синоптиктері 26-28 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы

Метеорологтар мәліметінше, республиканың басым бөлігінен атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы болады деп болжанған: найзағай, бұршақ, жел және жаңбыр.

«Республиканың барлық аймақтарында температуралық фон салыстырмалы түрде тұрақты: батыста түнде 17...22, күндіз 30...38 градус жылы, солтүстікте түнде 7...18, күндіз 20 ...32 градус, республиканың орталығында және шығысында түнде 7 ... 18, күндіз 22 ... 35 градус, оңтүстікте түнде 15 ... 23, күндіз 32...40 градус аптап, оңтүстік-шығыста түнде 13 ... 22, күндіз 27 ... 37 градус ыстық», делінген хабарламада.