Қоғам • 23 Тамыз, 2021

«Жаңа көмек қоры» - Алаяқтықтың тағы бір түрі пайда болды

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желіде алаяқтар сауалнама таратып, кейін «коронавирусқа байланысты көмек көрсетудің жаңа қорынан» 50 мың теңге беруді уәде етеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жаңа көмек қоры» - Алаяқтықтың тағы бір түрі пайда болды

Stopfake.kz жазуынша, киберқылмыскерлер мұндай хабарламаларды шоттар мен банк шоттарына қол жеткізу үшін пайдаланады.

Мессенджерлерде тараған ақпараттағы сілтеме сайтқа апарады. Пайдаланушының сенім тудыру үшін парақшада мемлекеттік рәміздер қолданылған. Сайтқа кіруші 4 сұраққа жауап беріп, ақшалай сыйлық қорапшасын таңдауы керек. Содан кейін 50 мың бонус берілгені туралы хабарланады, ал оны алу үшін қолданушы хабарламаны бес топта немесе басқа 20 адаммен бөлісу қажет. Алаяқтар фейкті осылай таратады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ведомствоның мұндай сауалнамаларға ешқандай қатысы жоқ екенін ескертеді.

«Еңбекмині мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы азаматтар арасында ешқандай сауалнама жүргізбейді. Азаматтарға мұндай хабарламаларды зиянкестер аккаунттар мен банктік шоттарды иемдену үшін пайдалануы мүмкін екенін ескертеміз. Алаяқтықтың құрбаны болмас үшін күмәнді сілтемелер бойынша өтпеулеріңізді және онда жеке деректеріңізді қалдырмауыңызды сұраймыз», делінген ведомство хабарламасында.