Аймақтар • 22 Тамыз, 2021

Атырау облысында әскери снарядтың қалдығы табылды

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысының Ресеймен шекарадағы Құрманғазы ауданында әскери снарядтың қалдығы табылды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атырау облысында әскери снарядтың қалдығы табылды

Облыстық ТЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, снаряд 21 тамызда сағат 12:45-те табылған.

«Құрманғазы ауданындағы «Сазды» шекара заставасынан 103 шақырым қашықта зымырандық қозғалтқышы бар авиациялық снарядтың бөліктері табылды. Арнайы мамандар Ресей Федерациясының «Капустин ЯР», «Акшулук» сынақ полигондарына іргелес аумақтағы оқиға орнында тексеру жүргізді. Қазір авиациялық снарядтың бөліктері табылған аумақта күзет күшейтілді. Бөгде адамдардың жақындауына тыйым салынды. Зардап шеккендер жоқ», деп хабарлады департаменттен.

Соңғы жаңалықтар

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 09:15

Сарқылмас ойдың кені

Қоғам • Бүгін, 09:10

Ырыздықты молайтуға ұмтылыс

Шаруашылық • Бүгін, 09:07

Көктем шуағын еселеген саябақ

Аймақтар • Бүгін, 08:57

Әмбебап медиаменеджер

Руханият • Бүгін, 08:53

Әдеби сынның бәсі қандай?

Әдебиет • Бүгін, 08:50