Қоғам • 19 Тамыз, 2021

Өндірістік қауіпсіздікке жауапты басшылардың құзыреті кеңейтілді

285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өндірістік қауіпсіздікке жауапты басшылар мекемеде қауіпсіздік тәртібін сақтамаған адамдарды жұмыстан шеттетіп, қажет болса, тұтас өндірісті тоқтатуға құқылы. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нығметжан Мақажанов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өндірістік қауіпсіздікке жауапты басшылардың құзыреті кеңейтілді

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Нығметжан Мақажанов өндірістік қауіпсіздік саласындағы заңнамалық өзгерістер туралы мәлімет берді.

«Биыл сәуірде Мемлекет басшысы ағымдағы «Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойғанын атап өткен жөн.

Жалпы қабылданған жаңашылдықтар заңнама нормаларын жетілдіруге, қауіпті объектілердегі мемлекеттік қадағалаудың тиімділігін арттыруға, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестатталған және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізе алатын ұйымдардың қызметін реттеуге бағытталған», деді комитет басшысы Оның айтуынша, заңнамалық өзгерістердің нәтижесінде өндірістік бақылау қызметтерінің лауазымды тұлғаларының мәртебесі күшейтілген «Атап айтқанда, жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына қатер төнетін жағдай байқалса, өндірістік бақылау қызметтерінің лауазымды тұлғалары жұмысты уақытша тоқтатып, тексеру ұйымдастыруға және қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін адамдарды жұмыстан шеттетуге құқылы.

Бұл жаңалықтар кәсіпорынға өз қызметінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзылуын өз бетінше анықтауға мүмкіндік береді. Бір жағынан жұмыс беруші ықтимал олқылықтың алдын алуға мүдделі болады. Өйткені кәсіпорынның жұмысында өрекел олқылық табылмаса, бір жылға тексеруден босатылуы мүмкін. Осылайша кәсіпорын басшылары мен құрылтайшыларын ынталандыру шарасы енгізіліп отыр», деді Нығметжан Мақажанов.