Елорда • 18 Тамыз, 2021

Елордада жаңа қалалық бағдар іске қосылады

317 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласында «Орда базар» базары - «Үркер» бағытындағы жаңа қалалық бағдар іске қосылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада жаңа қалалық бағдар іске қосылады

Қала әкімдігінің тапсырмасы мен «Үркер» тұрғын алабы тұрғындарының өтініші бойынша 19 тамыздан бастап «Орда базар» базары - «Үркер» қатынасымен №45 жаңа қалалық маршрут іске қосылады», деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметі.

Бағыттың қозғалыс сызбасы Алаш тас жолы арқылы өтеді: («Орда базар» базары) – Бөгенбай батыр даңғылы – Республика даңғылы – Қабанбай батыр даңғылы – Сарайшық көшесі – Мұхамедханов көшесі – Ш.Айтматов көшесі – Қорғалжын тас жолы – ары қарай «Үркер».

Атап өтілгендей, автобустарды нақты уақыт режимінде бақылау 2GIS қосымшасында да қолжетімді.

«Қоғамдық көліктерде бетпеде кию режимін сақтауды еске саламыз. Жол жүру төлемі қолма-қол ақшасыз, тек көлік картасымен немесе QR-кодты сканерлеумен жүргізіледі», депінген хабарламада.