Аймақтар • 14 Тамыз, 2021

Алматыдағы бірқатар ғимаратта суық су ажыратылады

408 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматының Түрксіб ауданындағы бірқатар ғимарат бір күнге суық судан ажыратылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыдағы бірқатар ғимаратта суық су ажыратылады

Майлин - Ахметов - Огарева - Приозерная көшелерінің контурында орналасқан үйлерде 16 тамызда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін суық су өшіріледі.

«Бұл шара жаңа су құбырын магистральдық желілерге қосу үшін қажет», делінген хабарламада
«Алматы су» баспасөз қызметінің хабарламасында.

Су тоқтатылған кезде денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік сала ғимараттарына автоцистернамен су беру ұйымдастырылады.

«Алматы су» МКК уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.