Әлем • 13 Тамыз, 2021

АҚШ-та иммунитеті төмендерге вакцинаның қосымша дозасы салынуда

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Африка континенті COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша көшбасшылар қатарында. 12 тамыздағы жағдай бойынша коронавирустың 7 136 140 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz Африканың ауруларды бақылау және алдын алу орталығына сілтеме жасап.

АҚШ-та иммунитеті төмендерге вакцинаның қосымша дозасы салынуда

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналындағы мәліметтерге сүйенсек, құрлықтағы пандемия құрбандарының жалпы саны 179 986 адамды құрады.

COVID-19 жағдайларының ең көп саны тіркелген елдер - Оңтүстік Африка Республикасы, Марокко, Тунис, Египет және Эфиопия.

Осы жағдайға байланысты АҚШ толық иммундау курсынан кейінгі ревакцинацияны қолдануға шешті.

Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасы жөніндегі басқарма иммунитеті төмен адамдар үшін вакцинаның үшінші дозасын қолдануды мақұлдады. Үшінші доза ретінде Pfizer және Moderna компанияларының препараттары қолданылады.

«Басқарма коронавирусқа қарсы Pfizer және Moderna вакциналарын төтенше жағдайларда қолдануға рұқсат берді, бұл кейбір иммунитеті төмен адамдарға қосымша дозаны қолдануға мүмкіндік ұсынады», делінген агенттіктің сайтында.

Соңғы жаңалықтар

Шиті мылтық пен түйе зеңбірек

Жәдігер • Бүгін, 09:45

Азиядан – 6 алтын медаль!

Бокс • Бүгін, 09:40

Әнші Майра тұрған үй

Мирас • Бүгін, 09:35

151 судья тағайындалды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:30

Менің Темағам!

Руханият • Бүгін, 09:05