
Еревандағы кездесудің негізгі уақыты тең аяқталды - 2:2, ал қосымша уақытта алаң иелері жеңісті жұлып әкетті - 3:2. «Қайрат» сапынан Денис Поляков пен Айбол Әбікен алаңнан қуылып, алматылықтар матчті тоғыз ойыншымен аяқтады. Бірінші матчте 0:0 есебі тіркелген болатын.