Спорт • 12 Тамыз, 2021

Президент спорт саласына арналған үлкен кеңес өткізеді – Абаев

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев «Ашық диалог» сұхбатының кезекті санында айтты, деп жазады Egemen.kz.

Президент спорт саласына арналған үлкен кеңес өткізеді – Абаев

«Мемлекет басшысы Олимпиадаға қатысты өз пікірін білдірді. Олимпиада командасының нәтижесі еліміздің спорттық әлеуетіне сәйкес келмейді. Менің ойымша, бұл пікірмен бәрі келіседі»,  деді Абаев сұхбат барысында.

Оның айтуына қарағанда, мұндай жағдайда біреуді жұмыстан шығарып, қалыптасқан жүйені қайта құру арқылы елдің көңілін тыныштандыруға болады. Бірақ ол жүйелі кемшіліктерді шешпеуі мүмкін.

«Қазір алдымызда тұрған міндет – қателіктермен жұмыс істеп, осы саладағы барлық процестерді талдау керек. Айтпақшы, Президент негізгі бағдарды нұсқады. Бұл – бұқаралық және балалар спортын дамыту. Осы бағытқа түсуіміз керек. Яғни, ең бастысы – ауылдарда қаладағыдай спорттық инфрақұрылым қалыптастырып, мүмкіндігінше балаларды тегін спорт секцияларына көбірек тарту. Әрине, білікті жаттықтырушылар мен нұсқаушыларды даярлау қажет»,  деді Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары.

Сондай-ақ ол Олмпиада қорытындысы бойынша үлкен талдау жасалып, ревизиялық жұмыс жүргізілетінін айтты. Күзде Президент спорт бойынша үлкен кеңес өткізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

 

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025