«Тұтынушыларды қорғау жеке және қоғамдық құқықтың әртүрлі салаларына ғана емес, сонымен қатар қазіргі қоғамның экономикалық, әлеуметтік және басқа да аспектілеріне қатысты кешенді әлеуметтік мәселе болып саналады. Келіп түскен өтініштерді талдау бойынша: ағымдағы жылдың 6 айында Комитетке 8164 өтініш келіп түсті, бұл 2020 жылдың ұқсас кезеңінде 2477-ге артық. Осылайша, өсім қарқыны 144%-ды құрады», деді Алмаз Әбжаппаров ведомствоның алқа отырысында.
Оның айтуынша, келіп түскен өтініштердің 2836-ы қанағаттандырылса, 585-і қайта жолданды, 4592 өтініш бойынша түсініктеме берілді, 21-і тұтынушылардың өтініші негізінде тоқтатылды, 122-І келесі тоқсанға көшті және 8-і бойынша талап-арыз жұмысы жүргізілді.
«Тұтынушыларды жылдан-жылға қайталанатын мәселелер мазалайтынына, елдегі эпидемиологиялық жағдай халықтың басымдықтары мен өмірлік мүдделерін өзгерткеніне назар аудару қажет. Ең проблемалық сала бөлшек сауда болып табылады, ол өтініштердің 49%-ын құрайды. 2020 жылы 29%-ды құрап, өсу қарқыны 169%-ды көрсетті», деп атап өтті спикер.