Әлем • 12 Тамыз, 2021

«Талибан» тықсырып барады

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Талибан» қозға­лысы Тәжікстанмен шекарада орналасқан Тахар провинциясының әкімшілік орталығы – Талукан қаласын басып алғанын мәлімдеді.

«Талибан» тықсырып барады

Тахар провинциясының заңнамалық органы төрағасының орынбасары Рухолла Рауфи қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері мен жергілікті билік өкілдері Фархар уезіне көшкенін жет­кізді. Оның айтуынша, тәлібтер бар­лық қоғамдық орындарға баса көктеп кір­ген. Сондай-ақ жергілікті түрмеден сот­талғандарды босатқан.

Сонымен қатар содырлар Талуканға шабуыл жасай бастағанына екі аптаға жуықтаған. «Талибан» қозғалысының мәліметіне сәйкес, олар Талукандағы барлық қоғамдық ғимаратты өз қара­мағына алған. Осылайша, «Талибан» басып алған Ауған провинцияларының әкімшілік орталықтарының саны беске жетті.

Бұған дейін «Талибан» Сари-Пул және Кундуз провинцияларының әкім­­шілік орталықтарын басып алған бола­тын. Ал бір күн бұрын тәлібтер елдің солтүстігіндегі Джузкан провин­циясының астанасы – Шибирган қала­сына кірді. «Талибан» қозғалысы Ауған­стан аумағының 80 пайызын бақылауға алғанын айтты. БҰҰ мәлі­метінше, соңғы бір айда тәлібтердің шабуылы салдарынан Ауғанстанның 1 мыңнан астам бейбіт тұрғыны қаза болды.

Соңғы жаңалықтар

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 09:10

Жұбановтан қалған жәдігер

Жәдігер • Бүгін, 08:55

Алаш тұлғасына құрмет

Тағзым • Бүгін, 08:45

Кәсіптің өзгерген келбеті

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:40

Қоныстой қуанышы

Қоғам • Бүгін, 08:30

Тобыл бойындағы тазалық акциясы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 08:25