Коронавирус • 11 Тамыз, 2021

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған балалардың жағдайы ауыр

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласында 74 бала коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, оның ішінде 7 баланың жағдайы ауыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған балалардың жағдайы ауыр

«Ересектерден бөлек коронавирус ауруы балалардың арасында да жиі кезедесе бастады. Қазіргі таңда елордада 74 бала стационарда ем қабылдап жатыр, оның ішінде 7 баланың жағдайы ауыр. Өткен тәулікте 12 бала ауруханаға түсті. Одан бөлек, 834 бала амбулаторлы түрде ем алып жатыр», деді Тимур Мұратов ОКҚ-де онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

Басқарма басшысының мәліметінше, елордада жыл басынан бері коронавируспен 10 мыңнан астам бала ауырып шықты.

«Әсіресе вирусты жұқтырушылар жаз мезгілінде өсіп отыр. Маусым айынан бастап балалар вирустың айқын клиникалық белгілерімен түсе бастады. Бұл улану, қалтырау, дене қызуының көтерілуі, катаральды көріністер де болуы мүмкін. Балалардың отбасындағы екпе алмаған адамдармен байланыстан соң ауыра бастағандығын атап өткім келеді. Яғни, вакцина алмаған азаматтар вирусты өз балалары мен жақындарына жұқтырады», дейді ол.