Аймақтар • 05 Тамыз, 2021

Өскемендік полицейлер ойын-сауық мекемелерінде кезекші болады

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Өскемен полицейлері 5 тамыздан бастап ойын-сауық мекемелерінде кезекші болады, деп жазады Egemen.kz.

Өскемендік полицейлер ойын-сауық мекемелерінде кезекші болады

«Коронавирус инфекциясы таралуының күрт өсуіне байланысты полиция көп адамдар жиналатын мекемелердің жанында кезекшілік етеді. Өкінішке қарай, тұрғындардың көпшілігі санитарлық дәрігердің бұйрығындағы талаптарға мән бермейді. Нәтижесінде вирус жұқтырғандар саны артып келеді», деп жазылған хабарламада.

Полиция қызметкерлері қаладағы барлық ірі ойын-сауық мекемелерінде кезекшілік етеді.