Аймақтар • 30 Шілде, 2021

Атырау тұрғыны өзін өртемек болды

740 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда қолына бензин құйылған бөтелке ұстаған мас жігіт өзін өртемек болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау тұрғыны өзін өртемек болды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 28 шілдеде таңғы сағат 6:00 шамасында өзін өртеуге оқталған 32 жастағы жігіт мас күйде болған. Ол  Атырау қалалық прокуратурасының ғимаратына келген.

«Масаң күйдегі жігіт қолына бензин құйылған бөтелке ұстап, өзін өртеп жіберемін деп қорқытқан. Патрульдік полиция қызметкерлері 1989 жылы туған азаматты Атырау қалалық полиция басқармасына жеткізді. Қазір ұсталған азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 105-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Сондай-ақ, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің  434 және 667-бабымен әкімшілік хаттамалар толтырылды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше