Аймақтар • 28 Шілде, 2021

Павлодар облысында есірткі сатты деген күдіктілер ұсталды

149 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Павлодар қаласында арнайы-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде облыс аумағында гашиш өткізді деген күдікті 30 және 36 жастағы екі ер адам ұсталды, деп жазады Egemen.kz  Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облысында есірткі сатты деген күдіктілер ұсталды
- Тінту іс-шараларын жүргізу кезінде жедел қызметкерлер 3 келі есірткі тауып, тәркіледі. Сондай-ақ Ақсу қаласында 41 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, ер адамнан 9 келіге жуық есірткі заты - марихуана тәркіленді, - дейді департаментте. 

Барлық фактілер бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 296-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Айта кетерлігі, жыл басынан бері  өңірде барлығы 65 есірткі қылмысы анықталды. Заңсыз айналымнан 61 келіден астам есірткі құралдары алынды.