Аймақтар • 26 Шілде, 2021

Атырауда коронавируспен ауырғандар жатақханаға жатқызылып жатыр

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда резервтегі жатақханаға қауіпті вирусқа шалдыққан науқастар жатқызылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда коронавируспен ауырғандар жатақханаға жатқызылып жатыр

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек,  өткен тәулікте 420 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған.

Атырау қаласында қауіпті вирусты жұқтырудың 268 жағдайы тіркелген. Теңіз кен орнында 39, Жылыой ауданында 50, Қызылқоғада – 17, Құрманғазыда – 14,  Индерде – 12, Исатайда – 9, Мақатта – 6, Махамбет ауданында 5 адамнан коронавирус белгісі анықталып отыр.

«Қазір 3 443 адам үй жағдайында емделуге оқшауланды. Аудандардағы инфекциялық стационарларда 361, Теңіз кен орнындағы стационарда 218, ал, №2 облыстық ауруханада 205, модульдік ауруханада 196, темір жол ауруханасында 109, кардологиялық орталықта 103, фтизиопульмонология орталығында 98 науқас емделіп жатыр. Сондай-ақ, резервтегі жатақханаға 17 пациент орналастырылды», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар

Жаңатастағы жойқын дауыл

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Медалі көп чемпион

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Дүбірлі дода басталды

Олимпиада • Бүгін, 08:35

Сегіз Олимпиадаға қатысқан

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кешенді қолдау құжаты

Білім • Бүгін, 08:25

Бір сайыста – бес алтын

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Сағадағы сатира кеші

Тағзым • Бүгін, 08:10

Монакодан ұтылды

Теннис • Бүгін, 07:55