TOKYO2020 • 25 Шілде, 2021

Токио-2020: Қазақстандық теннисші бірінші айналымнан сүрінбей өтті

149 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Токио Олимпиадасында теннисшілер бәсекесі басталды. Қазақстандық спортшы Михаил Кукушкиннің бірінші айналымдағы ойыны ойдағыдай өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Токио-2020: Қазақстандық теннисші бірінші айналымнан сүрінбей өтті

Бүгін Михаил Кукушкин аргентиналық Федерико Кориямен кездесті. Екі сетке созылған матч отандық спортшының жеңісімен аяқталды. Кукушкин 7:6, 7:5 есебімен келесі кезеңге аттанды. 

Кездесу ұзақтығы 2 сағат 10 минутқа созылған. 

Кезекті айналымда Кукушкин теннисші беларусьтік Илья Ивашкомен жарыс жолына шығады. Қарсылас тарап француз Гаэля Монфистен үш сетте 6:4, 4:6, 7:5 есебімен басым түскен болатын.