Аймақтар • 25 Шілде, 2021

Маңғыстау облысында 14 сайлау учаскесі ашық

588 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысындағы 6 ауыл мен 4 ауылдық округте әкімдер сайлауы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстау облысында 14 сайлау учаскесі ашық

Сайлауға барлығы 10 сайлау округі қатысады, оларда 14 сайлау учаскелері мен 14144 сайлаушылар бар.

10 округ бойынша 25 кандидат сайлау бюллетеньдеріне енгізілді (5 округте 2 кандидаттан, 5 округте - 3 кандидаттан).

Аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес 2021 жылғы 25 шілдеде жергілікті уақытпен сағат 07.00-дегі жағдай бойынша 6 ауылда, 4 ауылдық округте 14 сайлау учаскелерінде дауыс беру басталды.

Сайлаушылардың сайлау учаскелеріне келуі туралы ақпарат аумақтық сайлау комиссияларының интернет-беттерінде Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 10.00-де, 12.00-де, 14.00-де, 16.00-де, 18.00-де, 20.00-де ұсынылады.