Спорт • 25 Шілде, 2021

Барселона Олимпиадасына - 29 жыл!

318 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін ХХV жазғы Олимпия ойындарының басталғанына тура 29 жыл толды. Айтулы жарыс 25 шілде мен 9 тамыз аралығында Испанияның Барселона қаласында өткен еді.

Барселона Олимпиадасына - 29 жыл!

Пиреней түбегінде алауы тұтанған дүбірлі дода бұрындары КСРО-ның қол астында болған «бауырлас» республикалардың өкілдері соңғы рет бір команданың тудың астында бас қосып, ТМД құрамасының сапында өнер көрсетті. Соған қарамастан олар сол жарыста 112 (45 алтын+38 күміс+29 қола) медальді иеленіп, жалпы командалық есепте кезекті рет көш бастады. АҚШ (37+34+37) екінші орынды иеленсе, Германия (33+21+28) үздік үштікті қорытындылады.

ТМД құрамасының биік тұғырдан көрінуіне Қазақстанның да спортшылары да өзіндік үлес қосты. Солардың арасынан алтыннан алқа тағынған баскетболшы Ирина Герлиц, күміспен күптелген волейболшы Елена Чебукина мен Татьяна Меньшова және қола медальді мойындарына ілген грек-рим күресі шебері Дәулет Тұрлыханов пен сырықпен секіруші Григорий Егоровты бөле-жара атауға болады.

Ал Барселона Олимпиадасының нағыз қаһарманы Виталий Щербо екені даусыз. Спорттық гимнастиканы серік еткен 20 жастағы Беларусь елінің өкілі өзі байрақты бәсеке барысында алты рет алтын тұғырдан қол бұлғады.