Аймақтар • 23 Шілде, 2021

Павлодарда жұмысшыны ток соқты

277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар кәсіпорындарының бірінде жұмысшыны ток соқты. Ер адам күйік пен түрлі дене жарақаттарын алған, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодарда жұмысшыны ток соқты

Облыстық полиция департаменті мәлім еткендей, жазатайым оқиға қалалық ЖШС-нің бірінде орын алған.

32 жастағы жұмысшы кәсіпорын аумағында дәнекерлеу жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде зардап шеккен. Ер адам жедел түрде ауруханаға жеткізілді. Денсаулық сақтау басқармасында зардап шегуші жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлады.

«Зардап шеккен ер адамға жабық бассүйек-ми жарақаты, миының шайқалуы және электрошок диагнозы қойылды. Қазіргі жағдайы тұрақты. ПТР-тест нәтижесінен кейін науқас бейінді бөлімшеге ауыстырылатын болады», деді басқармада.

Соңғы жаңалықтар

Президент Минск қаласына барды

Президент • 26 Маусым, 2025

БҚО тілшілері тапанша атып жарысты

Аймақтар • 26 Маусым, 2025

Ұрпақ жадына көшкен ерлік

Тарих • 26 Маусым, 2025

Сурет пен дыбыс симфониясы

Мәдениет • 26 Маусым, 2025

Қызылорданың газ әлеуеті артып келеді

Энергетика • 26 Маусым, 2025

Қырғызстанда жер сілкінді

Әлем • 26 Маусым, 2025