Аймақтар • 12 Шілде, 2021

Ақсуда әйел мен екі баланы пышақтаған қылмыскер ұсталды

372 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақсуда әйел мен екі баланы аяусыз пышақтап кеткен күдікті ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақсуда әйел мен екі баланы пышақтаған қылмыскер ұсталды

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде әйел мен оның кәмелетке толмаған балаларын өлтірді деген күдіктіні ұстады.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмысқа қатысты заттай дәлелдемелер мен қылмыс құралы тәркіленген.

«Тергеу барысында полиция күдіктінің мерт болған әйелмен таныс екенін анықтады. 11 шілдеде түнгі сағат 03.00 шамасында олардың арасында жанжал шығып, 36 жастағы қала тұрғыны 35 жастағы әйелге бірнеше пышақ жарақатын салған. Шу кезінде балалар оянып кеткен. Ер адам оларды да бірнеше рет пышақпен ұрған», деп түсіндірді департаментте.

Күдікті Ақсу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу Қазақстан Республикасы ҚК 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағы және 99-бабы 3-бөлігі бойынша жүргізілуде.

Еске сала кетсек, 12 шілде күні сағат 11.40-та Ақсу қаласындағы пәтерлердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар әйел мен 7 және 5 жастағы кәмелетке толмаған балалардың мәйіті табылған болатын.