Әлем • 12 Шілде, 2021

Арменияда жер сілкінді

381 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

11 шілде Арменияда 2,8 баллдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Egemen.kz республиканың Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Арменияда жер сілкінді

Ақпаратқа сәйкес, жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 15:27-де Армения мен Нахчыван Автономиялық Республикасының (Әзірбайжан) шекарасына жақын жерде болған. 

Жерасты дүмпуі Вацор-Дзор ауданының Йелпин ауылынан оңтүстікке қарай 12 км жерде тіркелді. Эпицентрі 10 км тереңдікте орналасқан.