Қазақстан • 10 Шілде, 2021

Ұлттық кеңестің құрамы кеңейтілді

391 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық кеңес мүшелерінің саны 44-тен 48-ге өсетін болды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық кеңестің құрамы кеңейтілді

«Ұлттық кеңестің құрамы кеңейтілді. Енді Кеңеске 48 қоғам қайраткері мүше болады (бұрын 44 болатын). Ұлттық кеңестің құрамына Маңғыстау облысынан қоғам қайраткері Уайс Ерсайынұлы, белгілі саясаттанушы Бурихан Нұрмұхамедов, кәсіпкер, «Аltyn Kyran» халықаралық қайырымдылық қорының президенті Исламбек Салжанов кірді», деп жазды ол.

Сондай-ақ, ротация аясында Ұлттық кеңес құрамынан Ауыт Мұқибектің шығарылғанын мәлімдеді.

«Қазір Ұлттық кеңестің алтыншы отырысына дайындық аясында ҰҚСК мүшелерінің өңірлердегі көшпелі жиындары ұйымдастырылуда. Көшпелі отырыстың бағдарламасына сәйкес ҰҚСК мүшелері қоғамдық кеңестердің өкілдерімен, қоғам белсенділерімен, сонымен қатар жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен кездеседі. Соның қорытындысы бойынша Ұлттық кеңестің келесі отырысында қаралатын ұсыныстар әзірленетін болады», деп жазды Ерлан Қарин.