Әлем • 09 Шілде, 2021

Ресейде апатқа ұшыраған Ан-26 ұшағының қара жәшігі табылды

351 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Камчаткада апатқа ұшыраған Ан-26 ұшағының қара жәшігі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресейде апатқа ұшыраған Ан-26 ұшағының қара жәшігі табылды

Мамандар оны оқу үшін Мәскеуге жеткізеді. Қазігі уақытта апаттан қаза тапқандардың денесін іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. 

Естеріңізге сала кетейік, шілденің 6-сы күні апатқа ұшыраған «АН-26» әуе кемесінде 22 жолаушы, 6 экипаж мүшесі болған, арасында 2 бала бар. 

Апат техникалық ақау немесе ұшқыштың қателігінен болуы мүмкін деген де болжамдар жасалып жатыр.