Қоғам • 07 Шілде, 2021

Хакерлер Қазақстанға жиі шабуылдай бастады

717 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алғашқы жарты жылдықта елімізде тіркелген хакерлік шабуыл саны 13,9 мыңға жеткен. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 20,1%-ға жоғары. Бұл туралы KZ-CERT компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Хакерлер Қазақстанға жиі шабуылдай бастады

Ranking.kz сарапшыларының жазуынша, аталған құқықбұзушылықтың жартысынан көбі ботнет арқылы жасалған. Ботнет – қауіпті компьютерлік бағдарлама орнатылған компьютерлер желісі. Хакерлер осы арқылы басқа құрылғыларды қашықтан басқара алады. Дегенмен, дәл осы ботнет көрсеткіші былтырғымен салыстырғанда 4,2%-ға төмендеген. 2019 жылы ол 82,7% болған еді. 

Ал вирусы бар бағдарлама орнату саны 3,1 есе өскені байқалады.

Сарапшылардың айтуынша, 13,9 мың хакерлік шабуыл - осы уақытқа дейін тіркелген ең жоғары көрсеткіш. 

Соңғы жаңалықтар

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Кеше

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Кеше

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Кеше

Заманауи киіз үй

Өнер • Кеше

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • 25 Шілде, 2025