Қазақстан • 06 Шілде, 2021

Германия астанасында Қазақстан мәдениетіне арналған көрме ашылды

394 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекетіміздің тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өту аясында және Астана күніне орай Германияның елордасы Берлин қаласының «Mall of Berlin» ең танымал сауда орталығында «Табиғат, мәдениет, адамдар. Ғажайып Қазақстан» атты фотокөрме ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Германия астанасында Қазақстан мәдениетіне арналған көрме ашылды

Ашылу рәсімінде Қазақстанның Елшісі Дәурен Кәріпов мемлекетіміздің тарихы мен халқымыздың мәдениеті, сондай-ақ салт-дәстүрлері туралы айтып өтті.

Іс-шараға қатысушылар ата-бабамыз шығарған табиғи өнертабыс – киіз үймен танысып, Қазақстанның заманауи архитектурасын, табиғатын, ұлттық тағамдары мен адамдарын көрсететін фотокөрмені тамашалай алды. Ашылу рәсімі қазақ ұлттық музыкасымен аяқталды.

 

Арнайы осы көрмеге келген Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері «Mall of Berlin» орталығының қонақтары үшін қазақ халық әндері мен күйлерін орындады. Елшілік пен Қазақстаннан Германияға қоныс аударған немістердің «Qazan e.V.» атты қауымдастығы ұйымдастырған көрме 5-17 шілде аралығында өтеді.

Осы кезеңде көрмеде сонымен қатар Қазақстанның отандық өндерушілері өздерінің экологиялық өнімдерін ұсынады.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше