Экономика • 03 Шілде, 2021

Шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламасы талқыланды

393 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Astana Finance Days алаңында шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламалары талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz

Шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламасы талқыланды

Астана халықаралық қаржы орталығы «Шағын және орта бизнесті қолдау – Орта Азияның дамуының басты бағыты» тақырыбы бойынша панельдік сессия өткізді. 

Сессияға қатысушылар өңірдегі шағын және орта бизнестің жай-күйі мен мүмкіндіктерін, цифрландыру, электрондық коммерция, кәсіпкерлерге арналған жаңа қаржы өнімдері мен сервистерді дамыту мәселелерін талқылады.

АХҚО баспасөз қызметінің хабарлауынша, шағын және орта бизнесті цифрландыруға COVID-19 пандемиясы күшті серпін берді. Байланыссыз төлемдердің, электрондық коммерцияның, P2P аударымдардың және цифрлық эмиссияның дамуын ынталандырды. Нәтижесінде шағын және орта кәсіпорындар қызметіне елеулі өзгеріс енді. Сондай-ақ шағын және орта бизнестің 82%-ы тауар мен қызметтерді интернетте сату мен насихаттау және жанасусыз төлемдерді қабылдау есебінен бизнес жүргізу тәсілін өзгертті. Қазақстан смартфонды төлемдерді қабылдау терминалына айналдыратын Visa Tap to Phone технологиясын өрістету бойынша әлемдік көшбасшыға айналды.

Айта кетейік, цифрлық төлемдер саласындағы әлемдік көшбасшы Visa Қазақстандағы микро, шағын және орта бизнестің жай-күйіне зерттеу жүргізген болатын. Нәтижесінде Қазақстандағы кәсіпкерлердің бизнесті жүргізу үшін цифрлық мүмкіндіктерді барынша белсенді пайдаланатыны анықталды. Атап айтқанда, 63%-ның сайты немесе әлеуметтік желіде аккаунты бар, желіде қызметі мен тауарын жарнамалайды. 42%-ның онлайн және офлайн сату нүктелері бар. Ал 18%-ы өнімді тек онлайн сатады.

Шара АХҚО Fintech Hub Astana Finance Days 2021 халықаралық конференциясы шеңберінде өтті.