Спорт • 03 Шілде, 2021

«Тур де Франс»: Алексей Луценко алғашқы ондықтағы орнын сақтап қалды

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Тур де Франс» велододасының жетінші кезеңі аяқталды. Аталған айналым қорытындысы бойынша Алексей Луценко алғашқы ондықтағы орнын сақтап қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Тур де Франс»: Алексей Луценко алғашқы ондықтағы орнын сақтап қалды

Жетінші кезеңде қатысушылар 249,1 шақырымды артта қалдырды. Бұл кезеңде Матей Мохорич (Bahrain Victorious) топ жарды, екінші орында Яспер Стейвен (Trek-Segafredo), үшінші сатыда Магнус Корт Нильсен (EF Education - Nippo).

Луценко 24-ші сатыда. Ол жалпы есепте бесінші орыннан сегізінші сатыға сырғыды. 

Жалпы есепте Alpecin-Fenix командасының өкілі Матье ван дер Пул көш бастап тұр. 

Соңғы жаңалықтар

«Спартак» тағы да жеңілді

Спорт • Бүгін, 11:55

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 10:42

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40