Білім • 01 Шілде, 2021

Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада төрт медальға қол жеткізді

525 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық оқушылар IOI 2021 (International Olympiad in Informatics) 33-ші Халықаралық олимпиадасында информатика пәні бойынша төрт қола медальға ие болды. Зияткерлік байқауға әлемнің 88 елінен 351 оқушы қатысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада төрт медальға қол жеткізді

Қазақстанның атынан халықаралық деңгейдегі байқауға Нұр-Сұлтан, Алматы және Орал қалаларынан Мақсотов Жамбыл, Мұқымбеков Мансұр, Ашуров Әлтайыр, Сахмолдин Мухаммадариф есімді төрт оқушы қатысты. Олар олимпиаданың екі кезеңінде алты алгоритмдік тапсырманы орындап, нәтижесінде төртеуі  де қола медаль иеленді.

«Қазақстандық оқушылардың халықаралық зияткерлік жарыстардағы жетістіктері білім сапасы мен отандық жаттықтырушылардың жоғары қабілетін, ата-аналардың қолдауы мен оқушылардың ерік-жігерін көрсетеді. Жеңімпаздарды лайықты жеңістерімен құттықтаймыз! ҚР Білім және ғылым министрлігі оқушылардың өзін-өзі дамытуы үшін қолайлы жағдай жасауды жалғастыратынын атап өткіміз келеді», деді ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Майра Мелдебекова.

Айта кетейік, төрт оқушы да – информатика пәні бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың жүлдегерлері мен жеңімпаздары. Оқушыларды еліміздің жетекші IT университеттерінің жаттықтырушылары дайындады.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше