Қоғам • 01 Шілде, 2021

Алматыда 78 адамды алдаған алаяқ ұсталды

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы танымал сауда сервисінің 78 пайдаланушысын алаяқ алдап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда 78 адамды алдаған алаяқ ұсталды

Алматы полиция департаментінің тергеу басқармасы алаяқтық жасады деген күдікпен 29 жастағы азамат М.-ға қатысты қылмыстық іс жүргізуді аяқтады.

«Сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктінің OLX.kz сайтының қолданушыларына қатысты 78 алдау фактісіне қатысы бар екендігі анықталды. Фишинг әдісін қолдана отырып, OLX.kz сайтына ұқсас сенімсіз сілтемелерді жіберіп, күдікті жәбірленушілерге, егерде берілген сілтемелер бойынша өздерінің банктік мәліметтерін толтырған жағдайда, тауарлар үшін төлем ала аласындар деп сендірген. Күдіктінің айтуынша, тауарларды курьерлер алып кетуі керек болған. Алайда жәбірленушілердің карталарының деректерін алған М.есімді ер адам, «Wooppay.kz» төлем жүйесі арқылы олардың қаражаттарын өзінің банктік карталарына аударған. Жалпы ол азаматтарға 2,5 млн теңге көлемінде материалдық шығын келтірілді», деді Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов.

Қазір іс бойынша тергеу аяқталған.