Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Асайын Байханов инстаграм әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
- Өзен ағысын ұлғайту және оңтүстік су қабылдағышында үйіндіні ашу үшін Щучье арнасын кеңейту қажеттілігі туралы шешім қабылданды. Бұл жұмыстар кеше басталды. 1-2 күн ішінде су ағыны қалпына келтіріліп, мәселе шешімін табады. Шекті рұқсат етілген концентрат (ШРК) асып кетуі байқалмайды. Балықтардың қырылуына келетін болсақ, бұл балдырлардың түстенуіне байланысты емес. Себебі, қолайсыз жағдайларда балықтар жаппай қырылуға ұшырайды. Бүгінгі таңда Усолка өзенінде балықтың жаппай қырылуы тіркелген жоқ, - дейді Асайын Байханов.