Экология • 17 Маусым, 2021

«Сары» түтіннің салдары

630 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық экология департа­менті екі ай бұрын «Теңіз» кені­шінде шыққан «сары» тү­тінге қатысты тексерісті аяқ­тап, әкімшілік іс қозғады. Департамент басшысы Әлібек Бекмұхаметовтің ақпаратына сүйенсек, биылғы 7 сәуірде «сары» түтін кен орнындағы КТЛ-2 нысанында орнатылған «У-500» қондырғысының гидро­генизациялау пешінен шық­қаны анықталыпты.

«Сары» түтіннің салдары

– Тексеру кезінде қалдық газды беру клапанының ақауынан «С-511» пешінің жұмысы тоқтағаны белгілі болды. Сол себептен, ауа­ға «сары» түтін түріндегі кү­кірт шығарылған. Департамент бас­шылығының ұйға­рымымен осындай ағаттыққа жол бергені үшін «Теңізшевройл» ЖШС-не қатысты əкімшілік іс қоз­­ғалып, бұзушылықтарды жою тура­лы нұсқама берілді. Онда қор­шаған ортаға өз бетінше эмис­сия­ларға жол бермеу жөнінде нақты іс-шараларды əзірлеу, сондай-ақ штаттан тыс жағдайлар кезінде қондырғылар желісінің жұмысын тоқтату мүмкіндігін қарастыру ұсы­нылды, – дейді департамент басшысы Ә.Бекмұхаметов.

Оның айтуынша, қазір әкімшілік істі қарау процесі уақытша тоқ­татылыпты. Өйткені компания бас­шылары тексеру нəтижелері бойынша толтырылған акт пен жол­­данған нұсқамаға байланысты эколо­гиялық реттеу жəне бақылау комитетіне шағымданып отыр. Алайда, «Теңізшевройл» ЖШС-нің Үкіметпен жəне жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалиевтың мәліметінше, ауаға ұзақтығы 7 минутқа созылған күкірт диоксиді мен қарапайым күкірт шығарылған. Осыған орай кен орнындағы қызметкерлер мен мамандар ешқайсысы медициналық көмекке жүгінбепті.

 

Атырау облысы

 

Соңғы жаңалықтар

Алматыда екі қабатты қоймада өрт шықты

Төтенше жағдай • Бүгін, 14:18

Панфиловке баратын жол жаңарды

Инфрақұрылым • Бүгін, 12:40