Оқиға • 14 Маусым, 2021

БҚО-да мас күйінде суға түскен екі адам батып кетті

381 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысында мас күйінде суға түскен екі адам батып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҚО-да мас күйінде суға түскен екі адам батып кетті

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, бірінші оқиға 13 маусым күні кешкісін Бәйтерек ауданы Трекин ауылдық округі Жайық елді мекенінде болған. «Сая» демалыс орнында 33 жастағы әйел суға түсіп, батып кеткен.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, отбасымен, достарымен серуендеген әйел мас күйінде болған. Әйелдің денесі құтқарушылар келгенше, сағат 19.45-те судан шығарылған.

Тағы бір оқиға Орал қаласында болды.

14 маусым күні сағат 00.07-де 28 жастағы жігіт шомылуға жабдықталмаған жерден суға түсіп, батып кеткен. Ол да таныстарымен бірге ішімдік ішкен.

Марқұмның денесін жедел құтқару жасағының іздеу тобы сағат 02.25-те судан алып шықты.