Білім • 11 Маусым, 2021

Мектептердің 6%-ы ғана күзет ұйымдарымен келісімшарт жасасқан

470 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде мектептердің тек 6 пайызы ғана күзет ұйымдарымен келісімшарт жасасқан. Бұл туралы халыққа есеп беру кездесуінде Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Мектептердің 6%-ы ғана күзет ұйымдарымен келісімшарт жасасқан

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Ішкі істер министрлігі білім беру ұйымдарымен бірге мектептерді тексеріп жатыр. Қазірдің өзінде бірқатар кемшілік анықталды. Атап айтқанда, мектептер 100 пайыз бейнебақылау жүйесімен қамтылғанымен, олардың жартысына жуығы бекітілген стандартқа сай келмейді», деді министр.

Оның атап өтуінше, еліміздегі әрбір үшінші мектеп жедел хабарландыру жүйесімен, 8 пайызы дабыл түймешегімен, 5 пайызы бақылау және өткізу жүйесімен, 4 пайызы турникетпен, 1 пайызы металл іздеу құрылғысымен жабдықталған.

«Мектептердің тек 6 пайызы ғана күзет ұйымдарымен келісімшарт жасасқан», деді Ерлан Тұрғымбаев,

Сонымен қатар ол Білім және ғылым министрлігімен бірге білім беру ұйымдарына алып келуге тыйым салынатын заттардың тізбесі әзірленгенін айтты. Бұл тыйым осы жылдың 13 маусымынан күшіне енетін болады.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше