Технология • 11 Маусым, 2021

Түркияда өрт сөндіру үшін дрондар саны артады

535 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияның Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы министрлігі өрт көздерін жедел анықтау және орман өрттерін тиімді сөндіру үшін дрондар санын көбейтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркияда өрт сөндіру үшін дрондар саны артады

2020 жылы Түркияның ормандарын қорғау үшін ұшқышсыз ұшу аппараттары мен тікұшақтар кеңінен қолданыла бастады, ал биыл тағы төрт ұшқышсыз ұшақ республиканың Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы орман шаруашылығы бас дирекциясына берілді.

Мұндай құралдар дәстүрлі түрде өрт шығу ықтималдығы жоғары аудандарда жиірек қолданылмақ.

Дрондар жылу камераларының көмегімен бейнелік кескіндерді Ауыл шаруашылығы министрлігінің орталықтарына жедел жібереді, бұл ыстық нүктелерді тез анықтауға, қауіп деңгейін бағалауға және өрттен құтқару қызметіне аумақ координаттарын беруге мүмкіндік береді.

Ұшқышсыз ұшақтар тәулік бойы жұмыс істейді.

Егер 2003 жылы Түркияда өрт сөндірудің орташа уақыты 40 минутты құраса, 2019 жылғы технологиялық жетістік арқасында бұл мерзім 12 минутқа дейін қысқарды. 2023 жылға қарай орман өрттерін сөндіру уақытын максималды түрде минимумға дейін жеткізу жоспарлануда.