Аймақтар • 11 Маусым, 2021

Шымкентте ақылды жол пайда болды

626 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаланың маңызды көшелерінің бірі – Жангелдин көшесінде инвесторлар есебінен ақылды жаяу жүргіншілер жолы қанатқақты жоба ретінде орнатылды. Аталған жоба Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің тапсырмасымен жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте ақылды жол пайда болды

Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов өзінің «Facebook» парақшасында жариялады.

«Алдын айтып өткенімдей, қаламызда жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында заманауи осындай жобаны қолға алып жатырмыз. Жангелдин көшесінің бойына орнатылған «ақылды жаяу жүргіншілер жолы» – жолды жоғарыдан жарықтандырып, арнайы белгілермен қамтитын проекциялық аппарат. Мұндай жарқын проекциялық жаяу жүргіншілер өткелі әдеттегі жолдан әлдеқайда артықшылықтарға ие. Мәселен, проекция жаяу жүргіншіні жарықтандырып, оны қараңғыда да алыстан айқын көрсетеді және ауа райы мен көлік түрін талғамайды. Мұндай жобалар арқылы инвесторларды қызықтырып, қаламызды одан да қауіпсіз, көрікті мегаполиске айналдыра түсеміз деп ойлаймын», деп жазған Мақсұт Пернебайұлы.

1

Айта кетейік, осыған дейін пилоттық жоба Сыпырған Ата көшесі мен Әл-Фараби көшесінің қиылысы, Темірлан тас жолындағы «Satti zhol» жанар-жағармай бекетінің маңына да орнатылған еді.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше