Әлем • 02 Маусым, 2021

Қырғызстан екпе салдырған туристерді қабылдауға дайын

417 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Қырғызстанның Экономика және қаржы министрлігі жанындағы туризм департаменті директорының орынбасары Кыял Кенжематова айтты, деп хабарлайды Egemen.kz..

Қырғызстан екпе салдырған туристерді қабылдауға дайын

Оның айтуынша, бүгінгі таңда елдің туризм департаменті коронавирустық пандемиядан кейін Қырғызстандағы туризм саласын дамытуға бағытталған алгоритмді әзірледі. Ол шетелдік туристердің санитарлық нормаларды міндетті түрде сақтауын көздейді.

Сондай-ақ құжатта туристер Қырғызстанға Covid-19-ға қарсы екпені алған жағдайда келе алатындығы көрсетілген.

Қазіргі уақытта аталмыш алгоритм Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігінің қарауында жатыр.