Оқиға • 02 Маусым, 2021

Солтүстік Қазақстанда бір үйдің 2 баласы суға батып кетті

1632 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысының Мерген ауылында бір үйдің 9 және 11 жастағы екі баласы суға батып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Солтүстік Қазақстанда бір үйдің 2 баласы суға батып кетті

Көпбалалы отбасы ауыл іргесіндегі көлге барып демалмақ болған. Анасы кенжесін емізіп отырғанда үйдің үлкен қызы мен ұлы суға шомылмақ болып, батып кеткен. Бір сәтте екі перзентінен айрылған әйел оларды назардан тыс қалдырғанын айтып отыр.

ТЖ өкілдерінің мәліметінше, ұлдың денесін судан өгей әкесі алып шыққан.

«Анасының айтуынша, ол үйдің кенжесін емізу үшін палаткаға кірген екен. Өзге балалар осы сәтте қараусыз қалған. Сыртқа қайта шыққанда жағада ес-түссіз жатқан ұлын көрген. Ал, күйеуі бұл сәтте қызды іздеп қайта суға түскен», дейді СҚО бойынша ТЖД басшысының орынбасары Мұран Кангужинов.

Қыздың денесін судан құтқарушылар алып шықты. Алдын ала болжам бойынша, судың астында шұңқырлар көп болған, жүзе алмайтын балалар сол жерге түсіп кеткен.

Белгілі болғандай, қайғылы оқиға болған сәтте балалардың өгей әкесі масаң күйде болған.

 

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25