Спорт • 31 Мамыр, 2021

Хоккейден Қазақстан Норвегиямен кездеседі

89 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін хоккейден Қазақстан командасы Ригадағы әлем чемпионаты аясында топтағы соңғы кездесуін өткізеді деп хабарлайды Olympic.kz. 

Хоккейден Қазақстан Норвегиямен кездеседі

Юрий Михайлис шәкіртері Норвегия құрамасына қарсы ойнайды. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 23:10-да басталады. 

Айта кетейік, қазіргі сәтте қазақстандықтар өз тобында үшінші орында келеді. Плей-офф кезеңіне шығу үшін біздің команда Норвегияны негізгі уақытта жеңуі тиіс.