Оқиға • 26 Мамыр, 2021

Атырауда жол апатынан зардап шеккен балаға күрделі ота жасалды

387 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облыстық балалар ауруханасында жол апатынан зардап шеккен баланың бас сүйек пластикасына  Bone Plate Titanium қолданумен күрделі ота жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда жол апатынан зардап шеккен балаға күрделі ота жасалды

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры Сәбит Құралбектің айтуынша, 15 жасар Әділ Қарабалаев жол апатынан бас сүйек-ми жарақатын алған. Жол апатының зардабынан басы мен бет сүйегінде кемістік пайда болған.

«Сол себептен, оған шұғыл түрде сол жақ париетальды сүйектің краниотомиялық декомпрессиясы жасалды. Аталған ота бас сүйектің косметикалық кемшілігін жоюға мүмкіндік берді. МӘМС жүйесі аясында шұғыл жасалған хирургиялық отаның құны 2,2 млн теңгені құрайды. Елімізде 18 жасқа толмаған балалар МӘМС жүйесінде мемлекет тарапынан сақтандырылатын жеңілдігі бар санаттарға жатады. Осыған байланысты Әділге қымбат ота тегін жасалды. Енді Әділдің бас сүйегінде кемістік болмайды» дейді Сәбит Құралбек.

Оның мәліметінше, жыл басынан бері Атырау облыстық балалар ауруханасында МӘМС жүйесімен 971 ота жасалған. Оның ішінде жоспарлы түрде 191, шұғыл түрде 780 ота бар.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше