Спорт • 25 Мамыр, 2021

Бүгін хоккейден Қазақстан құрамасы АҚШ-пен кездеседі

115 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шайбалы хоккейден 2021 жылғы әлем чемпионатының элиталық дивизионында бүгін Қазақстан құрамасы АҚШ-пен кездеседі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін хоккейден Қазақстан құрамасы АҚШ-пен кездеседі

Ойын елорда уақытымен 19.05-те басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Биылғы турнирде қазақстандық хоккейшілер алғашқы екі ойында басым түсті. Алдымен Латвияны буллитен 3:2 есебімен жеңсе, одан кейін Финляндияны буллитен 2:1 есебімен тізе бүктірді.