Аймақтар • 25 Мамыр, 2021

Риддерде өз анасын ұрып өлтірген қылмыскер сотталды

532 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Риддерде қарт анасын өлімші етіп сабап тастаған 60 жастағы ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Риддерде өз анасын ұрып өлтірген қылмыскер сотталды

Телеарнаның мәліметінше, ер адамға анасының жасаған ескертуі ұнамай қалса керек, осыдан кейін ол қарт әжейге жұдырық ала жүгірген. Оның ішінен теуіп, басынан ұрған. Жәбірленуші оқиға болған күннің ертесіне дәрігерлердің көмегіне жүгінген.

Дәрігерлер жәбірленушінің жағдайын көргенде жағасын ұстаған. Қарт ананың бас сүйек-ми жарақатын алғаны, бірнеше жерден сүйегі сынғаны, өкпесіне зақым келгені және денсаулығына өзге де зиян келгені анықталған. Алған жарақаттарының салдарынан зардап шегуші қайтыс болған.

Ұлы өз кінәсін мойындап отыр. Ер адам 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Риддер қалалық сотының судьясы Айнұр Рахимова атап өткендей, үкім шығару кезінде бірқатар жағдайлар ескерілген.