Елорда • 25 Мамыр, 2021

Елордада қандай өзгерістер болатыны айтылды

593 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» жоспары аясында 160 аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада қандай өзгерістер болатыны айтылды

Триатлон саябағында бөртегүл бағы, ал Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық-драма театры мен «Астана Балет» аумағында жасыл бақ пайда болады.

Ә.Мәмбетов атындағы көше жаз мезгілінде жаяу жүргіншілер үшін бұрынғыдан да ыңғайлы бола түседі. Мұнда демалыс күндері автокөлікпен жүруге тыйым салынады. Себебі жол бойында фестивальдер, жәрмеңкелер және өзге де шаралар өтеді.

«Бұл Мамбетов көшесіне ғана қатысты емес. Жақып Омаров көшесінің жартысы жасалынып болды. Ол республика көшесінен, Әуезов көшесіне дейін жасалып, ол жерде субұрқақтары енгізіледі», дейді қалалық сәулет жер басқармасының қала жоспарлау бөлімінің басшысы Нұрәділ Ғалымжан.

Биыл Елордада миллионнан астам жасыл желек отырғызылады. Қазір қалада экоаймақтар мен «жасыл аралдар» бар. Мәселен, «Астана Опера» аумағында емен және бөртегүл бақтары пайда болды.

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Кеше

Акция аясындағы ауқымды жұмыс

«Таза Қазақстан» • Кеше

Онлайн сайлау жүйесі

Ғалам ғажаптары • Кеше

Қан алатын робот

Ғалам ғажаптары • Кеше

Апаттан аман қалған балалар

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Сарығыз» тазы көрмеге барады

Мәдениет • 01 Тамыз, 2025

Даңғыл көпір

Мереке • 01 Тамыз, 2025

Абай тойы басталды

Абай • 01 Тамыз, 2025