Аймақтар • 25 Мамыр, 2021

Індетпен күрес күшейе түсті

135 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қарағандыда коронавирус инфекциясына қарсы иммундау бойынша вакциналау орталығы биылғы жылдың 1 ақпанынан бастап жұмыс істейді. Онда үш егу кабинеті, үш қабылдау кабинеті бар, сонымен бірге 20 адамға бақылау аймағы бөлінген.

Індетпен күрес күшейе түсті

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 1 ақпаннан бастап Қара­ғанды облысында 70 189 тұрғын вак­ци­наланған. Ал 20 мамырға дейін 149 352 адам екпенің бірінші компо­нен­тін алыпты. Бұл тиісті контин­гент­тің 19,1%-ын құрайды. Оның ішін­де QazVac екпесін – 1 875 адам, ал Sinopharm екпесін 5 865 адам алған. Екін­ші компонентті 80 201 адам алды, яғни бұл тиісті контингенттің 53,8%-ын құрайды.

Жалпы, бүгінге дейін Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 28 876 жағдайы тіркелген, қайтыс болғандар тізімінде 341 адам бар. Бұл көрсеткішті негізінен 60 жас­тан асқан және созылмалы аурулары бар адамдар құрайды.

Жуырда облыстағы жұмыс сапары аясында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус инфекция­­­сымен күрес жөніндегі өңірлік штаб оты­рысының жұмысына қатысты. Атал­ған жиында өңірде COVID-19 інде­тімен ауырудың күрделі жағдайы сақталып отырғаны сөз болды. Осы орайда облысқа әдістемелік және прак­­тикалық көмек көрсету үшін кел­ген жұмыс тобы коронавирус ин­фек­циясымен күресу шараларын күшейту бойынша бірқатар міндетті анықтап, талдау жүргізді. Отырыс ба­рысында алғашқы медициналық-са­ни­тарлық көмек ұйымдарының КВИ-мен кү­рес аясында қабылданатын шаралар бойынша МАСК ұйымда­рының, мультидисциплинарлық консуль­та­ция­лық дәрігерлік топтардың қыз­ме­­ті­не талдау жүргізу, облыстық ахуал­дық орталықтың мүмкіндігін то­лық­тай пайдалану туралы ұсыныстар айтылды. Сонымен қатар КВИ бар пациенттерге стационарлық көмек көрсететін амбулаториялық-емханалық ұйымдар мен медициналық ұйымдарға назар аудару қажеттілігі бар бірқатар іс-шаралар туралы сөз болды. Штаб отырысында өңірдегі эпидемиялық жағдай және оны жақсарту үшін қабыл­данып жатқан іс-шаралар туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басшысы Айжан Есмағамбетова айтып берді.

Өткен аптадағы жағдай бойынша Қарағанды облысында 28 550 науқас тіркеліп, 471-і қайтыс болған. Бүгінгі күнде пациенттердің 24 930-ы сауығып кетті, ал 3 313-і емделуді жалғастыруда. Эпидемиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес қазіргі уақытта Қарағанды облысы «қызыл аймақта» бір айдан астам уақыт тұр.

Штаб отырысында Қарағанды облыс­­тық денсаулық сақтау басқар­ма­сының басшысы Гамаль Тоқсамбаев инфек­циялық госпитальдық инфра­құры­лымды дамыту, ауруды ерте анықтау үшін медициналық көмек көрсетудің бастапқы буынын жетілдіру, үй стационарлары жағдайында уақ­ты­лы оқшаулау және емдеу жайын­да толыққанды мағлұмат берді. Бұдан бөлек ол қажет болған жағдайда жұ­мыс­қа резидентура мен интернатура оқу­шылары тартылатынын, стационарлар мен емханаларда қажетті дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың және жеке қорғаныш құралдарының үш айлық қоры құрылғанын атап өтті.

Облыстың бас дәрігері тұрғындарды иммундаудың маңызы зор іс екеніне баса назар аударды. Эпидемиялық ахуал­дың кез келген өзгерістеріне жедел ден қою үшін апта сайын матрица әзірленіп, оған сәйкес әрбір елді мекен үшін карантиндік шараларды тұрақты түзету жүргізіліп отырғанын баяндады. Соның нәтижесінде денсаулық сақтау жүйесіне аса жүктеме артпай, облыста аурудың қарқынды өсуін болдырмауды ескерту мүмкін болған.

 

Қарағанды облысы