Қоғам • 21 Мамыр, 2021

Тұңғыш Президент азық-түлік тапшылығы туралы айтты

9059 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында ЕАЭО-ның құрметті төрағасы және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев азық-түлік тапшылығы туралы айтып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тұңғыш Президент азық-түлік тапшылығы туралы айтты

«Осы кезеңде келесі бағыттарға ерекше назар аудару керек. Біріншісі - әлеуметтік инфрақұрылым. Таяу жылдары дәрі-дәрмек, медициналық бұйым нарығын құру саласын барынша ілгері жылжыту қажет. Екіншісі – азық-түлік қауіпсіздігі, агроөнеркәсіптік саясат», деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасының айтуынша, азық-түлік тапшылығын болдырмау және бүкіл кеңістікте бизнесті дамыту үшін жағдай жасау маңызды.

«Ал сарапшылар сол жылдары банктер 10 триллион доллар инфляция құйғанын айтады. Бұл пандемияға дейін әлемдегі ЖІӨ-нің 12 пайызы. Сондықтан мұның бәрін ескеруіміз керек. Бірлестік аумағындағы елдерде бүкіл тұрғынды қамтамасыз ету үшін жағдай бар. Мен азық-түлік туралы айтып отырмын. Тек дұрыс жоспарлау, дұрыс ынтымақтастық және дұрыс байланыс жасау және қамтамасыз ету қажет. Азық-түлік тапшылығын жақын арада сезінеміз», деді ЕАЭО құрметті төрағасы.