Спорт • 20 Мамыр, 2021

Хоккейден Қазақстан командасының капитаны тағайындалды

305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан командасының бапкерлер кеңесі Ригадағы әлем чемпионаты қарсаңында команда капитанын бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz федерацияның ресми сайтына сілтеме жасап.

Хоккейден Қазақстан командасының капитаны тағайындалды

Капитаннан бөлек, оның ассистенттерінің де есімі белгілі болды. Әлем чемпионатында Қазақстан командасының капитаны міндетін Әлихан Әсетов атқарады. 

Ал Роман Старченко мен Даррен Диц оның көмекшілері қызметінде.

Айта кетелік, әлем чемпионаты 21 мамыр күні Ригада басталады. Қазақстан командасының алғашқы кездесуі 22 мамырға жоспарланған.